Министрлік пен ҚФФ бапкердің қазақ тілін "мазақ еткеніне" қатысты мәлімдеме жасады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басбапсөз мәслихаты кезінде айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Бұл жағдайға Қазақстанның футбол федерациясы мен Туризм жәні Спорт министрлігі пікір білдірді.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басбапсөз мәслихаты кезінде айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Бұл жағдайға Қазақстанның футбол федерациясы мен Туризм жәні Спорт министрлігі пікір білдірді.
Баспасөз жиыны кезінде қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге Станислав Черчесов: "Француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? Бұл сұрақ па, жоқ, басқа ма?" – деген еді. Бапкердің бұл сөзі жанкүйерлер мен желі қолданушыларын шамдандырды.
"Әлеуметтік желілерде тарап кеткен Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің видеосына қатысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндіру қажет деп санайды.
Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп, жауап қайтарған болатын.
Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз", - делінген федерация хабарламасында.
Бұл жағдайға қатысты Туризм және спорт минситрлігі де пікір білдірді:
"Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз.
Осы жазба арқылы еліміздегі өзге федерацияларды да мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және оларға қатысты орынсыз қалжыңның алдын алуға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Жарнама