Миллиондар. ҚПЛ клубына қосымша қаржы бөлінді

©Шахтер ФК

Қарағандының "Шахтер" футбол клубына ойыншылардың айлығын беру үшін қосымша қаржы бөлінеді. Бұл туралы "Гол емес" телеграм арнасы жазды.

"Шахтер" командасының қаржы қиындығына тап болуына орай қосымша 200 миллион теңге бөлінеді. Қазіргі таңда футболшылар келісімшартта келісілген айлықтарының тең жартысын да ала алмай жүр. Мұның себебі еліміздегі қаңтар оқиғасы болып отыр. Клуб демеушісі ойыншыларға беруі тиіс қаржыны ұлттық қорға аударған. Нәтижесінде "кеншілер" ақшасыз қалған", - деп жазады телеграм арна.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport