Миллиондар берген. "Ювентус" жұлдызы бақсылар көмегіне жүгінгені айтылды

©Twitter

Поль Погбаның туған ағасы "Юфентус" ойыншысы бірнеше мәрте бақсылардың көмегіне жүгінгенін мәлімдеді. 

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы сиқыршыларға оны жарақаттан қорғау үшін миллион еуро берген екен, деп хабарлайды Vesti.kz Матиас Погбаның Twitter-аккаунтына сілтеме жасап. 

"Аман қалуымның жалғыз жолы оның өтірігін ашу. Сиқырлық туралы ақпаратты растағаным осыдан. Мәселе сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, онда емес, мұндайды істеу үшін сіз зұлымдыққа бару керексіз. Міне мәселе қайда. 

Сондықтан осы орайда сұрағым келеді: Поль бақсылар көмегіне жүгінгенін жоққа шығарды ма? Тергеушілерге неге мойындады: "Погба бақсыға жарақаттан қорғану үшін ақша бергенін растады ғой?

Ал өзіңді жарақаттан аман алып қалу үшін жылдар бойы бақсыға миллиондап төлеуің керек пе? (Бәрібір бұл іске аспады). Полиция да, салық органдары да мұны Лондонның орталық банкінен оңай көз жеткізе алады", - дейді Матиас Погба. 

Еске салайық, футболшының ағасы аяқ-асты видео жариялап, Поль, оның агенті Рафаэль Пименту мен Килиан Мбаппе туралы шындықты жариялайтынын мәлімдеді. Ол бұл ақпарат үлкен дау тудыратынын айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport