Миллион еуроға бағаланған ойыншы "Қайраттан" кетуі ықтимал

21 желтоқсан 2021 08:40
©ҚКФЛ

Қыстық трансферлік кезеңде Гулжигит Алыкулов "Қайрат" сапынан кетіп, шетелдік чемпионатқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазір алматылық клубта жағдай тұрақсыз, бірнеше ойыншының кетуі мен еңбекақының төмендеуі команданы алаңдатып отыр. 

Осы себептен клубтан Алыкулов та кетуі ықтимал, өйткені, аталған мәселелерден бөлек, ол биылғы маусымда алаңға аз шықты. Ары қарай да қосалқы ойыншылар орнында отыра бермес үшін қырғыз футболшы басқа клубқа өтуі ықтимал. 

Биылғы маусымда Алыкулов ҚПЛ-де 23 матчке (4 гол, 4 ассист), Қазақстан кубогінде тоғыз ойынға (1 гол, 2 ассист) және еурокубоктердегі 12 кездесуге қатысты. 

Transfermarkt мәліметінше, Алыкуловтың нарықтағы құны миллион еуро. Оның алматылық клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport