"Астана" командасының либериялық легионері Мохаммед Камара түркиялық "Хатайспорт" командасына қайта оралды, деп хабарлайды Fotomac.com.tr порталы.
Елордалық команда миллион еуро тұратын футболшыны сатып алу құқығын пайдаланбады. Сосын ол түркиялық клубқа қайта оралды.
Transfermarkt ақпараты бойынша, Камараның футбол нарығындағы құны - 1,4 миллион еуро. Шабуылшы "Астана" сапында жалпы екі ойында 101 минут қана өткізді.