Футбол
10 тамыз 2022 17:16

"Миллиард долларға жуық". "Ордабасының" қарызы айтылды

©"Ордабасы" ФК

Соңғы жылдары "Ордабасы" командасының қаржылық жағдайы тұрақты болмады. Сондықтан клубтың қарызы да біраз жиналған. Шымкенттік ұжымның қарыздары туралы Vesti.kz тілшісіне маусым басында клубтың президенті болып тағайындалған Бауыржан Әбдубаитов айтып берді. 

"Клубтың қарызы бес миллиард теңгенің шамасында екенін айта аламын. Мұндай жағдай шамасы осыған дейін болмаған шығар. Жақын арада барлық қарызды толық жабу мүмкін емес. Сөзсіз, қазіргі күні біз ақырындап қарыздарды жауып жатырмыз. Алайда мұны қас-қағым сәтте істей алмаймыз. Барлығы дұрыс болып, қарызды өтейміз деп сенемін. Бұл үшін көп адам жұмыс істеуде. Демеушілер іздеп, заңгерлермен жұмыс атқарудамыз. Футбол функционерлері де бізге көмектесуде", - деді Бауыржан Тойшыбекұлы. 

Команда туралы бұған да толық ақпарат жуырда шығатын көлемді сұқбатта болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport