"Миланды" ұтқан "Интер" ЧЛ-дің алғашқы финалисті атанды

©soccer.ru

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екі ойында да "Миланнан" басым түскен "Интер" финалға шықты. 

"Сан Сирода" өткен қарымта ойында да Филиппо Индзаги шәкірттері жеңіске жетті. Ойында "Интерге" жеңіс сыйлаған голды 74 минутта Лаутаро Мартинес соқты. 

Екі ойын қорытындысы бойынша "Интер" "Миланды" 3:0 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Финалға шыққан екінші команда бүгін түнде анықталады. "Манчестер Сити" өз алаңында "Реалмен" кездеседі. Екі команда арасындағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген болатын. 

Биылғы Чемпиондар лигасының финалы 10 маусым күні Ыстанбұлда өтеді 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport