"Милан" Италия чемпионатында бірінші орынға шықты
©twitter.com/acmilan
"Милан" А сериясының 28-ші турында "Наполиді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Милан" А сериясының 28-ші турында "Наполиді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Неапольдегі "Диего Армандо Марадона (Сан-Паоло)" стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 49-минутта "Миланның" франциялық шабуылшысы Оливье Жиру салды.
Осы жеңіс арқасында "Милан" 60 ұпай жинап, турнир кестесінде аралық бірінші орынға шықты. Екінші келе жатқан "Интер" екі ұпай кем жинаған, дегенмен, бір ойыны бар. "Наполи" 57 баллмен үшінші орында.
Жарнама