"Милан" франциялық командаға есе жіберіп 24 жылда болмаған рекордын бұзып алды

Сурет: iSport.ua

"Милан" Еуропа лигасы матчінде франциялық "Лилль" команасынан ұтылып қалды,- деп хабарлайды  Vesti.kz. Топтық кезеңнің үшінші раунды "Сан-Сиро" стадионында өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.

Алаң қонақтары сапынан үш голды да түркиялық жартылай қорғаушы Юсуф Языджи салды. 21-ші минутта пенальтиді сәтті орындаудан бастады да, екінші таймда 55 және 58-ші минутта гол соқты. 

"Милан" үшін бұл жеңіліс биылғы маусымдағы барлық турнирлерде бірінші болды. Команда наурыз айынан ұтылмай келе жатқан еді, команданың ұтылыссыз сериясы 24 матч болатын - кейінгі 24 жылдағы ең ұзағы. 

Ал "Лилль" осы жеңіс арқасында италиялық клубтан бір ұпай асып, топта бірінші болды.