Италияның "Милан" клубы футболдан Италия чемпионатының маусым соңын сәтсіз аяқтап, Чемпиондар лигасының келесі маусымына қатысу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Массимилиано Аллегри жаттықтыратын команда А сериясының 2025/2026 жылғы маусымын алтыншы орынмен аяқтады. Енді клуб негізгі ойыншыларының бірінен айырылып қалуы мүмкін.
"Милан" Чемпиондар лигасынан тыс қалдыМаусымның шешуші, 38-турында "Милан" өз алаңында "Кальяриден" 1:2 есебімен ұтылды. Кездесудің 2-минутында шабуылшы Алексис Салемакерс "россонериді" алға шығарған болатын.
Алайда қонақтар үзіліске дейін таразы басын теңестірді. 20-минутта "Кальяри" шабуылшысы Дженнаро Боррелли есепті теңестірсе, 57-минутта қорғаушы Хуан Родригес жеңіс голын соқты.
Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, енді Лука Модричтің италиялық клубтағы болашағы үлкен күмән тудырып отыр.
40 жастағы хорват футболшысының қазіргі келісімшарты маусым айының соңында аяқталады. Дегенмен, ойыншының қалауымен келісім автоматты түрде тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін.
Егер Модрич "Сан-Сиродан" кетсе, бұл "Милан" үшін ауыр соққы болмақ. Себебі клуб әлі де қайта құру кезеңінен өтіп жатыр және тәжірибелі футболшының көмегіне мұқтаж.
Модрич "Милан" сапына 2025 жылдың шілдесінде еркін агент ретінде қосылған еді. Бұған дейін оның Мадридтің "Реал" клубымен жасасқан келісімшарты аяқталған болатын.
2025/2026 жылғы маусымда хорват жартылай қорғаушысы "россонери" сапында 36 ресми матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 4 миллион еуроға бағалайды.