"Милан" бапкері келісім-шартын ұзартқанда қанша табыс табатыны белгілі болды

©Getty images

"Милан" клубының бас бапкері Стефано Пиоли жақын арады командамен келісім-шартын ұзартады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әзірге қос тарап келіссөздер жүргізуде. Бұл турасында келесі аптада Пиоли мен клуб басшылығы ресми түрде хабарлайды. Жаңа келісім бойынша италиялық маман 2024 жылға дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, ол "Миланда" жылына 3,5 млн еуро және қосымша бонустар алады.

2021-2022 жылғы маусымда "Милан" 12 матчта 10 жеңіске жетіп, 2 рет тең түскен. Пиоли жігіттері турнир кестесінде "Наполимен" бірге 32 ұпаймен бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар