"Милан" футбол клубы 2021/22 жылғы маусым қорытындысы бойынша Италия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
38 турда сырт алаңда "Сассулоны" 3:0 есебімен ұтқан "россонери" маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Осының арқасында "Милан" 86 ұпаймен ішкі біріншілікте топ жарды.
Қатар өткен ойында "Интер" "Сампдорияны" ұтты. Алайда "Миланнан" екі ұпай кем болып, екінші орынға тұрақтады.
"Милан" командасы 2010/11 жылғы маусымнан бері араға 11 жыл салып чемпион болғанын айта кеткен жөн. өткен жылы "Интер" чемпион атанса, оған дейін қатарынан тоғыз жыл "Ювентус" үздік болып келген еді.