"Милан" 16 жылдан кейін ЧЛ жартылай финалына қайта өтіп отыр

©globallookpress.com

Неапольда өткен "Наполи" мен "Милан" арасындағы екінші ойында 1:1 есебі тіркелді. Қонақтар сапынан Оливье Жиру 43-минутта гол соқса, алаң иелері ойын соңында Виктор Осимхеннің голымен (90+3) таразы басын теңестірді. Екі команда сапынан да пенальти соға алмаған ойыншылар болды. "Милан" сапынан Жиру мүлт кетсе, "Наполи" қатарынан Хвича Кварацхелия мүмкіндігін оңды пайдалана алмады.

Айта кетейік, "Милан" 2006/07 маусымнан бері алғаш рет жартылай финалға шығып отыр. Сол маусымда команда жарыс жеңімпазы атанған еді.

Осылайша, "Милан" ЧЛ жартылай финалына шығу бойынша италиялық командалар арасында рекордты қайталап отыр ("Ювентус" те жеті рет өткен). 

Италиялық команда жартылай финалда "Бенфика" (Португалия) мен "Интер" (Италия) командаларының қай ұтқанымен кездеседі.

Жартылай финалға шығатын қалған екі команда бүгін түнде анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport