"Милан" 16 жастағы германиялық футболшыға көз тігіп отыр
©rsport.ria
"Милан" германиялық "Аугсбургтің" 16 жастағы шабуылшысы Дзенан Пейчиновичке қызығушылық танытып жүр, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Милан" германиялық "Аугсбургтің" 16 жастағы шабуылшысы Дзенан Пейчиновичке қызығушылық танытып жүр, деп хабарлайды "Чемпионат".
Алайда футболшымен веверкузендік "Байер" келіссөз бастап кеткен көрінеді. Ойыншының қазіргі келісімшарты 2022 жылы аяқталады.
Пейчинович мюнхендік "Бавария" түлегі. 2017 жылы "Аугсбург" сапына жалға алу құқымен барған. Тегі черногориялық футболшы елдің U-15 құрамасында да ойнаған. Алайда одан кейін оны Германияның 16 және 17 жасқа дейінгі құрамаларына шақыртты. "Аугсбург" U-17 командасы үшін Пейчинович 13 матч өткізіп, алты гол салған.
Жарнама