Михал Билек Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартын үзді

9 желтоқсан 2020 13:47
Михал Билек. Сурет: ҚФФ

Чехиялық маман михал Билек футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет телеграм арнасында.

"Тень отца Гурмана" арнасында Билек федерациямен соттасады деген ақпарат шықты. Бірақ негізі олай емес, екі тарап ренішсіз қош айтысты. Ал "Астанамен" - иә, пан Билектің заңгерлері айқасып жатыр және бұл дауда жеңіп шығатын сияқты", - деп жазыпты ол. 

Еске салайық, 55 жастағы Билек қазақстандық команданы 2019 жылы ақпанда жаттықтыра бастады. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының 4 тобында соңғы болды, енді шешуші матчте С дивизионында қалу үшін ойнайды.