Михал Билек футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Сурет: ҚФФ

Чехиялық маман Михал Билек Ұлттар лигасындағы Литвамен соңғы матчынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды meta-ratings.kz.

БАҚ мәліметінше, келісімшартты Футбол федерациясының ұзартуға ниеті жоқ. Билек бұл туралы бапкерлер штабына хабарлаған екен.

Билек Қазақстан құрамасымен 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен команда Еуро-2020 іріктеу турнирінің топтық кезеңінде бесінші орын алды.

Билек бастаған команда 18 қарашада Алматыда Литва құрамасымен ойнайды. Бұған дейін 15 қарашада өткен кездесуде ел құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған. 

Жаңалықтар