Месут Өзіл "Фенербахче" бапкерімен сөзге келіп қалды

©Фенербахче ФК

Германия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Месут Өзіл "Фенербахче" бас бапкерінің міндетін атқарушы Исмаил Карталмен сөзге келіп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Түркия чемпионатының 30-турында "Фенербахче" мен "Коньяспор" матчының бірінші таймынан соң Исмаил Картал неміс ойыншысына көңілі толмаған соң басқа футболшыға алмастырған. Осыған байланысты Өзіл мен командаласы Озан Туфан бас бапкердің міндетін атқарушы Карталға қатты сөздер айтқан. Нәтижесінде қос футболшы "Кайсериспормен" болатын кездесуге дайындалып жатқан ойыншылар тізімінде жоқ. Әзірге "Фенербахче" 53 ұпаймен Суперлигада үшінші орында келеді.

Еске салайық, Месут Өзіл "Фенербахчеге" 2021 жылдың қаңтар айында ауысты. Биылғы маусымда ол ыстамбулдық ұжым сапында 22 мачта алаңға шығып, 8 гол соқты. Сонымен қатар, екі нәтижелі пас берді.  

Месут Өзіл 2014 жылы Германия құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport