Мессиге қатысты. "Барселонаға" келген Хави команда құрамы туралы ойын айтты

©LB.ua

"Барселонаның" жаңа бас бапкері Хави каталондық клубқа келгенін франциялық ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси қалай қабылдағанын айтты. Маманның сөзін Mundo Deportivo беріп отыр.

Хавидің сөзінше, Месси оған жаңа қызметте сәттілік тілеген хабарлама жіберіпті. Сонымен қоса, маман "Барселона" құрамы туралы әзілдеді. "Мен Мессиді ғана емес, Роналдиньоны да жаттықтырғым келеді... Біз сапымызда жоқ ойыншылар туралы ойлай алмаймыз. Кім бар солармен жұмыс істеу керек", - деді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport