Мессиге футбол тарихындағы ең үлкен келісімшарт ұсынылды

©ESPN

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" футбол клубы ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиді сапына қосуға әлі де тырысып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Клуб бұл жолы Мессиге ұсынған ақысын тағы өсіріп, енді бір маусымға 500 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл футбол тарихындағы ең үлкен келісімшарт болуы мүмкін. 

Дегенмен Лео испаниялық "Барселонаға" да оралуы ықтимал. 

Аргентиналық шабуылшы ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді, ал келісімшарты келесі жылы аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар