Мессидің серіктесі Роналдудың командасына ауысуға ниет білдірді

© xsport.ua
"Пари Сен-Жермен" сапында жалға беру құқымен өнер көрсетіп жүрген аргентиналық шабуылшы Мауро Икарди туриндік "Ювентуске" ауысқысы келетінін білдірді, - деп хабарлайды La Repubblica.

Сонымен қатар, ойыншы маусым аяғына дейін Парижде қалғысы келетінін айтқан. Ал оның негізгі келісімшарты "Интермен". 

ПСЖ-ға келмей тұрып аргентиналық Криштиану Роналду ойнап жүрген командаға ауысуы мүмкін екені хабарланған еді. Шабуылшы "Интерден" клубпен жанжал себебінен кеткен. Ал париждік клуб оның келісімшартын сатып ала ма әзірге белгісіз. 

Икарди ПСЖ үшін бірінші хет-тригін жасады

26 жастағы форвард осы маусымда ПСЖ үшін 19 матчте 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. 

Икарди "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси де ойнайтын Аргентина құрамасының намысын 2013 бастап қорғады, алайда, түрлі себептермен ұлттық командамен тек сегіз матч өткізді (бір гол). 
Жаңалықтар