Футболшылар бағасын зерттейтін Transfermarkt порталының мамандары Лионель Мессидің құнын 10 миллион еуроға төмендетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Алтын допты" жеті рет иеленген шабуылшының трансферлік құны енді 35 миллион еуро.
Айта кетейік, Мессидің трансферлік құны шарықтаған кез 2018 жыл болатын. Ол кезде аргентиналық ойыншыны 180 миллион еуроға бағалаған еді.