Мессидің келесі маусымда қай клубта ойнатыны белгілі болды

©barcelonafc

Аргентина құрамасының капитаны капитаны Лионел Месси 2022/23 жылғы маусымда ПСЖ сапында ойнайды. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы жазды.

Мессидің париждік командамен тағы бір жыл келісімшарты бар. Сондықтан ол басқа ұжымға ауысу туралы ойлап жүрген жоқ. Бұл ақпаратты аргентиналықтың ресми өкілдері растады.

Еске салайық, ПСЖ басшылығы жазғы трансферлік маусымда бірқатар ойыншыларды сатылымға шығаратынын мәлімдеген еді. Олардың арасында аргентиналық Анхель ди Мария, Мауро Икарди, Леандро Паредес және бразилиялық Неймар бар.

Лионель Месси өткен жылы "Барселонадан" Франция чемпионатына ауысты. Осы уақыт аралығында ол ішкі чемпионатта 21 матчта 3 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар