Мессидің жаңа командасының сапында алаңға қашан шығатыны белгілі

©сурет: championat

Лионель Мессидің ПСЖ сапында алаңға қашан шығатыны белгілі болды. 10 тамызда жаңа командаға ауысқан Месси Лига 1 чемпионатының екінші турында "Страсбурға" қарсы ойнамауы мүмкін. Себебі аргентиналық шабуылшы әлі күнге дейін толық бабына келіп үлгермеген. Болжам бойынша ол келесі тур аясында алаңға тек 29 тамызда шығуы тиіс деп жазады Vesti.kz тілшісі Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Еске салайық, Лионель Месси француз клубымен 2+1 келісім-шарты бойынша доп тебетін болады. Аргентиналықтың Франциядағы жылдық табысы 40 млн еуродан асады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар