ПСЖ клубының иесі және Катар әмірінің інісі Халифа бен Хамад Аль-Тани аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Р-Спорт.
Әлеуметтік желіде жасаған жариялымында ол футболшының франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының киіміндегі суретін қоса бекіткен екен.
"Келіссөздер ресми түрде аяқталды. Құлақтандыру кейін болады", - деп мәлімдеді Халифа Бен Хамад Аль-Тани.