Футбол
20 маусым 07:50

Мессидің ғаламат голы командасына жеңіс сыйлады

©DAZN

Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының екінші туры басталды. "Интер Майами" топтағы екінші ойында "Портуды" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Атлантада өткен матчта америкалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші болып португалдық клуб сапынан Саму пенальтиді сәтті орындап, гол соқты. 

Екінші тайм басында "Интер Майами" Сеговия соққан гол нәтижесінде есепті теңестірді. 54-минутта Месси айып соққысын тамаша орындап, командасына жеңіс сыйлаған голды соқты. Осылайша аргентиналық ойыншы айып добынан мансабындағы 68-голын еншісіне жазды. 

"Интер Майами" келесі ойынын "Палмейрасқа" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport