Мессидің бұрынғы жолдасы таксидегі жұмыспен күнелтіп жүр

©tornboot.ru

Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Хосе Луис Гомес отбасын асырау үшін таксиде жұмыс істеп жүр. Бұл туралы 30 жастағы футболшының әкесі A Bola басылымына айтып берді. 

"Біз әрқашан қарапайым отбасы болдық. Ол бізге көмектеседі. Жаттығуынан кейін таксиде істейді. Кейде түнделетіп жүреді. Болашақта жақсы ұсыныс болып, қолынан жақсырақ келетін ісімен айналысады және алаңда баққытты болады деп үміттенемін", - дейді Гоместің әкесі. 

Футболшы кәсіпқой деңгейде соңғы рет 2021 жылы мамырда ойнапты. Кезінде оған "Бенфика" мен "Барселона" қызығушылық танытқан еді. Ал қазіргі таңда ол аргентиналық "Расинг" клубында екен, онымен келісімшарт келесі айда аяқталады. 

Гомес 2017 жылы 9 маусымда Бразилияға қарсы матчте Аргентина құрамасында алғаш рет ойнады. Сол кезде оның командаластары әйгілі Лионель Месси, Анхель Ди Мария, Гонсало Игуаин және Пауло Дибала болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport