Мессидің "Барселонамен" жаңа келісімшартының мерзімі айтылды

©globallookpress.com

Испаниялық "Барселона" аргентиналық футболшы Лионель Мессиге жылына 25 миллион еуро көлемінде еңбекақы ұсынуға дайын, деп хабарлайды Sport.es.

Мәлімет бойынша, каталондық клуб франциялық ПСЖ сапында жүрген шабуылшыға ары қарай ұзартуға болатын бір жылдық келісімшарт ұсынбақшы. Алайда бұл еңбекақы Месси қазіргі таңда париждік клубта алатын айлықтан төрт есе төмен. 

ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусым айында аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. "Барслеонадан" бөлек Леоны саудиялық "Әл-Хиәләл" клубы да сапына қосқысы келеді, ал енді арабтар ақшаның бетіне қарамай жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.

ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Месси 36 жаста болатынын ескере кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport