Мессидің әйелі шабуылшыны қайта "Барселонаға" ауысуға үгіттеуде

©mirror.co.uk

"Паир Сен-Жермен" командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси "Барселонаға" қайта ауысуы мүмкін. Бұл туралы ағылшындық The Mirror басылымы жазды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, футболшының әйелі Парижде өзін жайсыз сезінеді екен. Сол үшін де Антонелла Рокуццо Мессиді "Барселонаға" ауысуға үгіттеуде. 

Сонымен қатар, Лионель Мессидің балалары да париждік клубқа үйрене алмай жатыр. Оларға Франция астанасының ауа-райы ұнамайды. 

Бірақ футболшының әкесі әрі агенті Хорхе Месси болса ұлының "Барселонаға" ауысуына қарсы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: