Мессидің "ашуы": Аргентина құрамасы Испаниядан оңбай жеңілді
Футболдан Испания құрамасы Аргентина ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізіп, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Испания құрамасы Аргентина ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізіп, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтің "Ванда Метрополитано" стадионында өткен ойында 6:1 есебімен алаң иелері басымдық танытты. Испания құрамасындағы Иско үш гол салды (27-ші, 52-ші және 74-ші минуттарда) - бұл оның спорттық мансабындағы бірінші хет-трик. Сондай-ақ, Диего Коста (12-ші), Тьяго Алькантара (55-ші) және Яго Аспас (73-ші) бір-бір голдан салды. Николас Отаменди (39-ші) испаниялықтарға жауап ретінде жалғыз голдың авторы атанды.
Бұл кездесуге Аргентина құрамасының көшбасшысы қатысқан жоқ. Шабуылшы бұрынғы жарақатына байланысты жайсыздық сезінетінін айтқан, осы орайда бапкерлер оның денсаулығына алаңдап, ойынға қатыстырған жоқ.
Хорхе Сампаоли шәкірттері осындай нашар нәтижені үшінші рет қайталап отыр. 1958 жылы Аргентинаны Чехославакия талқандаған, ал 2009 жылы Боливия да осындай есеппен аргентиналықтарды тізе бүктірген еді.
"Барселона" шабуылшысы осы ойынды VIP-ложадан қараған. Алайда Лионель Месси жолдастық кездесуді соңына дейін тамашалаған жоқ. Испаниялық клубтың ойыншылары алтыншы голды салғанда, Месси орнынан тұрып кетіп қалды.
Messi hayal kırıklığı yaşıyor. 6-1 ne mk.
— [ Yasam_Toprak ] (@yasam_toprak) 27 марта 2018 г.
Gerçi çok abartmaya gerek yok Boluspor 'da Fenerbahçe'yi 6-1 yenmişti. pic.twitter.com/JFtgWv3tCR
Жарнама