Футбол
15 тамыз 12:40
 

Мессидің әріптесі карьерасын аяқтайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Мессидің әріптесі карьерасын аяқтайтын болды ©"Барселона" ФК

Аргентина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эрик Ламела карьерасын ақятайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аргентина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эрик Ламела карьерасын ақятайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

33 жастағы футболшының соңғы клубы Афинадағы АЕК болды. Өткен маусымда ол грек командасы үшін 31 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген, деп жазады AS.

Енді Ламела "Севилья" клубының бапкерлік штабына қосылады. Ол бұл командада 2021–2024 жылдары ойнап, Еуропа лигасын жеңіп алған болатын.

Футболшы карьерасында "Ривер Плейт", "Рома" және "Тоттенхэм" клубтарында да өнер көрсетті.

Аргентина құрамасы сапында Ламела 25 ойын өткізіп, 3 гол соққан. 2021 жылы ол ФИФА-ның Ференц Пушкаш атындағы жүлдесін жеңіп алған - бұл марапат оған "Арсенал" қақпасына соққан әдемі голы үшін табысталған.

Сондай-ақ ол екі рет Америка Кубогінің финалына дейін жеткен. Айта кетейік, Ламела ұлттық құрамада Лионель Мессимен бірге ойнаған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!