Мессидің "Алтын допты" ұтқаны туралы жаңалықты естігенде не дегені белгілі болды

5 желтоқсан 2019 14:35
© Sportbox
France Football журналының төрағасы Паскаль Феррер "Алтын доп" жүлдесін ұсынар алдында "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиге қоңырау шалғаны туралы айтып берді.

"Леоға қоңырау шалдым, жай ғана тілдесу еді. Оған жаңалығым барын айттым, ол болса, түрлі сыбыстарды оқығанын айтты. Оған мұның сыбыс емес, шынымен "Алтын допты" жеңіп алғанын айттым. 

Леоның жауабы мынадай болды: "Охо, шынымен? Рас па?" Ол бақытты еді, осыны күтті", - деп келтіреді Феррердің сөзін Sport.es.
Жаңалықтар