Мессидің ағасы "Барселонаға" оралу жайлы айтқанда өзін ұстай алмады

©Reuters

ПСЖ шабуылшысы Лионельдің ағасы Матиас Месси аргентиналық ойыншының "Барселонаға" қайтып баруы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Лео "Барселонаға" орала ма? Оңай сұрақ. Барселоналық бір гезеттің мақалсы есімде: "Месси "Барселонаға" оралуы тиіс. Ал мен: "Ха-ха, біз "Барселонаға" оралмаймыз, баратын болсақ, жақсылап тазалық жүргіземіз" деп қосар едім. Қайыры жоқ Лапортаны да алып тастаймыз. 

Мен үшін "Барселона" Мессидің арқасында ғана танылды. Барселона мұражайына барып көріңіз, "Барселона" мұражайы деген ол - Мессидің мұражайы екеніне көзіңіз жетеді. 

Жанкүйерлер көшеге шығып, Лапортаның кетуі мен Мессидің қалуын талап ету керек еді. Испаниялықтар - сатқындар", - деп береді Матиастың сөзін Mundo Deportivo.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport