Мессиден көп салған. "Барселона" Аргентианың үздік бомбардирі үшін 112 миллион дайындады

© sport360.com
Каталондық "Барселона" Аргентина құрамасы мен "Интер" шабуылшысы Лаутаро Мартинесті сапына қоспақ, - деп хабарлайды Radio La Red.

Ақпарат бойынша, каталондықтар футболшының 2019 жылғы Америка Кубогындағы ойыны ұнаған. Аргентиналық футболшы үш ойында екі голмен көзге түсті.

"Барселона" 21 жастағы форвард үшін келісімшартын мерзімінен бұрын үзу үшін төленетін 112 миллион еуроны беруге дайын. Сонымен бірге, каталондықтар "Интердегі" өзге аргентиналық Мауро Икардиден бас тартты.

Мартинес "Интерге" 2018 жылы аргентиналық "Расинг" сапынан 22 миллион еуроға өткен болатын. Миландық клуб үшін ол барлық турнирде 35 матч өткізіп, тоғыз гол соққан.

Лаутаро Аргентина құрамасының Лионель Скалони заманындағы үздік бомбардирі - тоғыз матчте бес гол. Ал "Барселона" капитаны Лионель Месси осындай уақытта үш гол салған.
Жаңалықтар