Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль каталондық "Барселона" тарихында 50 және одан да көп гол соққан ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ямаль "Барселонаның" тарихына кірді19 жастағы испаниялық футболшы мұндайға Ла Лиганың 3-турында мадридтік "Райо Вальеканоға" қарсы өткен матчта жетіп отыр. Ямаль дубль жасап, "Барселона" қарсыласын 5:2 есебімен ұтты.
50 голдық межені бағындыру кезінде Ямальға 19 жас 49 күн болған екен. Осылайша, ол "Барселонаның" аңызға айналған шабуылшысы Хосеп Эсколаның 91 жыл бойы сақталып келген рекордын жаңартты.
Эскола каталондық клуб сапындағы 50-голын 1935 жылы 20 жас 356 күнінде соққан. Ал бұл көрсеткішке одан кейін ең жақын келген футболшы - Лионель Месси. Аргентиналық шабуылшы "Барселона" сапында 50 голға 21 жас 120 күнінде жеткен.
Ямальдың жаңа маусымдағы бірінші голы"Райо Вальеканоға" қарсы дубль Ямаль үшін жаңа маусымдағы "Барселона" сапындағы алғашқы голдары болды. Ол Испания чемпионатында сәуір айынан бері гол соқпаған еді.
Ла Лиганың үш турынан кейін "Барселона" тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді.
Келесі матчта каталониялық клуб Испания чемпионатының 4-турында сырт алаңда "Валенсиямен" кездеседі. Ойын 6 қыркүйекте өтеді.