Аргентиналық футболшы Лионель Месси мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболшымен "Әл-Хилал" командасының президенті Фахд бин Нафель келіссөз жүргізіп жатыр екен. Ол бұл трансферді жүзеге асыру үшін АҚШ-қа барған. Мессидің әкесі Хорхе және футболшы өкілдерімен кездесу өткізген.
38 жастағы Мессидің "Интер Майамимен" келісім уақыты 2025 жылдың соңында аяқталады. Америкалық клуб та ойыншымен келісімшартын ұзартқысы келеді.
Жарнама