"Алтын доптың" сегіз рет алған Лионель Месси Испания королі VI Фелипе мен патшайым Летисиямен кездеседі. Аргентиналық шабуылшы корольдік отбасының ресми кешкі асына шақырту алды, деп хабарлайды Marca.
Бейсенбі күні "Интер Майами" шабуылшысы Испанияның Овьедо қаласына барады. Онда Мессиге спорт саласындағы Астурия ханшайымының сыйлығы табысталады. Сапар аясында Месси Овьедо спорт сарайында мектеп оқушыларымен, студенттермен және жанкүйерлермен де кездеседі.
Сол күні кешке футболшы Испанияның корольдік отбасы мүшелері мен сыйлықтың өзге де лауреаттары қатысатын ресми қабылдауға барады.
Марапаттау рәсімі жұма күні Кампоамор театрында өтеді. Іс-шара аяқталғаннан кейін Месси АҚШ-қа тікелей рейспен ұшады. Онда Лео MLS аясындағы сырт алаңдағы матчта "Нью-Йорк Ред Буллзға" қарсы ойнауы керек.
Жарнама