"Мессиді допсыз жүгірту...". Нидерланды бапкері Аргентинаны қалай ұту керектігін айтты
Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи ван Гал Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентина командасын қалай ұту керектігін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи ван Гал Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентина командасын қалай ұту керектігін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Менің ойымша, бұл ойында біз жеңіске жетуіміз керек. Нидерланды командасының оңтүстік америкалықтармен бұрынғы қалып кеткен есептері бар. Әрине оларда Месси бар. Алайда 2014 жылы өткен матчта Леоның алаңда бар-жоғы білінбеді. Себебін білесіз бе? Өйткені біз Мессиді допсыз қалдырдық. Нәтижесінде оның командасы шарасыз күй кешті. Сондықтан біздің мақсатымыз – Мессиді допсыз қалдырып, жартылай финалға жолдама алу. Әрине шабуылда мүмкіндіктерімізді мүлт жібермеуіміз керек", - деп келтірді "Российская газета" ван Галдың сөзін.
Еске салайық, бүгін түнде Астана уақытымен 1:0-де мундиальдың 1/4 финалы аясында Нидерланды мен Аргентина құрамалары кездеседі.
Жарнама