Мессиді басып озған Роналду жылдың ең мықты футболшысы атанды

30 желтоқсан 2019 08:20
© twitter.com/Globe_Soccer
Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығы мен Еуропалық футбол агенттіктерінің қауымдастығы құрған Globe Soccer Awards сыйын табыстау рәсімі өтті. 

Осылайша, 2019 жылғы ең мықты ойыншы туриндік "Ювентус" ойыншысы Криштиану Роналду атанды. Бұл сыйға жарыста 34 жастағы португалиялық футболшы Лионель Месси ("Барселона"), Вирджил ван Дейк пен Мохамед Салахтан (екеуі де "Ливерпуль") асып түсті.

Роналду Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша карьерасында алтыншы рет және қатарынан төртінші рет үздік футболшы атанып отыр.