Мессиді әлемдегі ең нашар футболшы деп атады

©instagram.com/psg

Белгілі стример Даррен IShowSpeed Уоткинс Аргентина құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиді сынады. Оның сөзінше, футболшы дриблинг қана жасай алады екен.

"Месси әлемдегі ең нашар ойыншы болуы да мүкін. Ақырына дейін шынайы болуымды сұрасаңыздар? Месси тек допты алып жүре алады. Қолынан келетін жалғыз дүние - ол дриблинг. Маған Месси ұнамайды", - деп береді стримердің сөзін MSN.

Еске салайық, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында Месси командасымен жеңіске жетті. Сонымен қоса, ол жеті рет "Алтын доп" иегері атанған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport