1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 14:18
 

Мессиді ӘЧ-2026 финалындағы қылығы үшін марапаттан айыру талап етілді

  Пікірлер

blog.share

Мессиді ӘЧ-2026 финалындағы қылығы үшін марапаттан айыру талап етілді ©thenews2.com/depositphotos.com

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси қоғамда қызу талқыланған басты кейіпкерлерінің бірі боды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси қоғамда қызу талқыланған басты кейіпкерлерінің бірі боды, деп хабарлайды Vesti.kz.

COPE мәліметінше, Change.org платформасында Аргентина футболшысына берілген беделді спорт сыйлығына қатысты шешімді қайта қарау сұралуда. Мұндай талап айтылған бір емес, 30 петиция жария етіліпті.

Петиция авторлары Астурия ханшайымы қорының 2026 жылы Мессиге берілген марапатты күшін жоюын немесе кері қайтарып алуын сұрап отыр.

Петицияларға не себеп болды?

Жаппай науқанға 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде Лионель Мессидің әрекеттері түрткі болған.

Петиция авторларының пікірінше, Испанияға қарсы финалдағы және марапаттау рәсімі кезіндегі аргентиналық шабуылшының іс-әрекеті құрмет пен спорттық әдеп қағидаттарына сай келмеген.

Сонымен қатар, әлем кубогын табыстау рәсімі барысында Аргентина делегациясының кейбір мүшелерінің әрекеттері мен финал аяқталғаннан кейін болған оқиғалар да қоғам назарын аударған.

Финал қалай аяқталды?

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын Ферран Торрес соғып, Испанияны әлем чемпионы атандырды.

Месси бұл марапатты не үшін алған еді?

Лионель Мессиге спорт саласындағы "Астурия ханшайымы" сыйлығы берілетіні 2026 жылғы 3 маусымда жарияланған болатын.

Сол кезде қазылар алқасы аргентиналық футболшының спорттағы ерекше жетістіктерін, қайырымдылық қызметін, алаңдағы үлгілі мінез-құлқын, сондай-ақ қарапайымдылығы, тұрақтылығы және командалық құндылықтарға адалдығын жоғары бағалаған.

Марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі қазан айына жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!