Месси үздік ойыншылардың қатарынан табылмады

©Global Look Press

Францияның ұлттық кәсіби одағы маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншы номинациясына үміткер футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл тізімде Лионель Мессидің жоқтығын айта кеткен жөн. Ал үздік футболшыға лайық болғандардың арасында Килиан Мбаппе ("ПСЖ"), Виссам Бен Йеддер ("Монако"), Димитри Пайет ("Марсель"), Лукас Пакета ("Лион") және Мартен Террье ("Ренн") сынды ойыншылардың есімдері аталды.

2021-22 жылғы біріншілікте "Алтын доптың" 7 дүркін иегері Франция чемпионатындағы 23 матчта төрт рет гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар