Лионель Мессидің ай басында "Камп Ноуға" қайта келуі Барселонада үлкен талқыға айналды. Футболшы мен басшылық арасындағы бұрынғы алауыздықты ескерсек көпшілік бұл сапарды клуб президенті Жоан Лапортаға қарсы жасалған ишара ретінде қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Foot Mercato-ға сілтеме жасап.
Лапортаға басты қарсылас Виктор Фонт қазірдің өзінде Мессиді клубқа оның өзі қалайтын кез келген міндетке қайтарғысы келетінін айтты. Оның сөзінше, Мессидің қолдауы 2026 жылғы наурыз–маусым айларына жоспарланған сайлауда кандидатқа үлкен артықшылық береді.
Фонт сондай-ақ 2021 жылы Лапортаның Мессимен келісімшартты созудан бас тартқанын еске салды, сол кезде ол аргентиналық жұлдызды командада қалдыруға уәде берген болатын.
Месси саяси процеске тікелей араласпаса да, алдағы сайлауда маңызды тұлғаға айналып, жанкүйерлер мен бұрынғы командаластарының пікіріне әсер ете алады.
Айта кетейік, Месси 2021 жылдың жазында "Барселонадан" кетіп, каталониялық клубтағы 17 жылдық кезеңін аяқтады. Оның кетуіне клубтың қаржылық шектеулері себеп болды, бұл шектеулер келісімшартты ұзартуға мүмкіндік бермеді. Кейін ол екі маусымды ПСЖ сапында өткізіп, 2023 жылдан бері "Интер Майами" командасында өнер көрсетуде.