Британиялық белгілі FourFourTwo басылымы әлем футболындағы ең мықты шабуылдаушы жартылай қорғаушылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл тізімде бірінші "Реалдың" 20 жастағы хавбегі Джуд Беллингем тұр екен. Рейтингте 36 жастағы аргентиналық Лионель Месси де бар, бірақ ол тізімде тек төртінші.
Рейтингтің топ-10 тізімі мынадай:
1. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид);
2. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити");
3. Джамал Мусиала ("Бавария");
4. Лионель Месси ("Интер Майами");
5. Мартин Эдегор ("Арсенал");
6. Джеймс Мэддисон ("Тоттенхэм");
7. Доминик Собослаи ("Ливерпуль");
8. Бруно Фернандеш ("Манчестер Юнайтед");
9. Лукас Пакета ("Вест Хэм");
10. Петр Зелински ("Наполи").