Футбол
Бүгін 21:06

Месси тек бесінші. Әлемдегі ең мықты вингердің есімі аталды

©x.com/afaseleccionen

ESPN позициялар бойынша әлемдегі үздік футболшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үздік вингерлер тізімінде күтпеген жерден бірінші орын "Бавария" ойыншысы Майкл Олиседе болды.

Екінші орынға "Барселонаның" 18 жастағы футболшысы Ламин Ямаль жайғасты. Жас талант биыл жазда Испания құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Үшінші орында бұрын Ресей премьер-лигасында ойнаған, қазіргі таңда ПСЖ сапында өнер көрсетіп жүрген Хвича Кварацхелия тұр.

Үздік ондыққа Луис Диас, Лионель Месси, Винисиус Жуниор, Букайо Сака, Рафинья, Дезире Дуэ және Жереми Доку да енді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport