Месси тарихтағы ең мыты ойыншы екені айтылды

©"Интер Майами" ФК

Лондондық "Челси" клубының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Фрэнк Лэмпард футбол тарихындағы ең мықты ойыншы кім деген сұраққа жауап берді.

"Мен Марадона дәуірінде өстім, бірақ Лионель Месси - ең мықты деп ойлаймын. Осы дәуірдегі ғана емес, футбол тарихының кез келген дәуірінде", - деп береді Лэмпардтың сөзін Barca Worldwide.

Месси "Алтын допты" сегіз рет иеленген. Сонымен бірге, ФИФА-ның The Best марапатына лайық деп танылды. Ал 2022 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport