"Месси шықпаса екен". Силва Аргентина - Португалия финалы жайлы

7 желтоқсан 2022 19:44
©championat

Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Қатардағы әлем чемпионатының финалында Аргентинамен матч жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әрине Аргентина сапында Месси бар. Мессидің аты Месси. Ол бір өзі ойын тағдырын шешіп кете алатын ғаламат ойыншы. Аргентина мен Португалия командалары финалда кездеседі деп үміттенеміз. Ал Месси болса сол кездесуде алаңға шықпаса екен немесе тіпті дұрыс ойнай алмаса екен деп тілеймін", - дейді Силва күліп жауап беріп. 

Еске салайық, Аргентина ширек финалда Нидерланды командасымен кездессе, дәл сол 1/4 финалда Португалия мен Марокко өзара мықтыны анықтайды. Теориялық тұрғыда Аргентина мен Португалия құрамалары Қатардағы мундиальдың финалында кездесуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport