Месси Роналдуға қарсы. ПСЖ Сауд Арабиясындағы матч туралы ресми құлақтандырды

©soccer.ru

Франциялық ПСЖ Катар мен Сауд Арабиясында өтетін жаттығу жиындарының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ Катар астанасы Дохаға 17 қаңтарда атаннады, сол жақта ӘЧ өткен стадиондардың бірінде жаттығады. Осыдан кейін Сауд Арабиясы астанасы Эр-Рияд қаласына аттанады, онда 19 қаңтар "Әл-Наср" мен "Әл-Хиләл" клубтарының ең мықты ойыншыларынан іріктелген командамен ойнайды. Осыдан кейін ПСЖ Францияға оралады. 

"Әл-Наср" үшін бұл матчте португалиялық Криштиану Роналду ойнау керек. Ал ПСЖ сапында Лионель Месси өнер көрсететіні белгілі. 

Криштианудың АПЛ-де алған жазасы бар, ол бойынша ол екі ойынға қатыса алмайды. Осы мәлселені арабиялық команда қалай шешетіні беймағлұм. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport