Месси Роналдуға қарсы. Чемпиондар лигасындағы "Барселона" - "Ювентус" матчіне тікелей трансляция

8 желтоқсан 2020 14:34
Коллаж: sport-express.ru

Бүгін, 8 желтоқсанда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур матчтері өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойындардың бірінде каталондық "Барселона" өз алаңында туриндік "Ювентусті" қабылдайды. Кездесу "Камп Ноу" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 02:00.

Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Интернетте трансляция мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Осыған байланысты "Барселона" Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың суретін жариялап, футболшылардың текетіресін меңзеді.

Еске салайық, "Барселона" (15) және "Ювентус" (12) плей-офф кезеңіне өтіп тұр, енді олар G тобындағы бірінші орынға таласады. Бір ұпайдан жинаған киевтік "Динамо" мен "Ференцварош" Еуропа лигасына жолдама үшін ойнайды. 

Жаңалықтар