Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес көптен күткен үйлену тойына дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
БАҚ мәліметінше, салтанатты рәсім 8 тамыз, сенбі күні Португалияның Мадейра аралында өтеді.
Журналист Эсегбона Луистің әлеуметтік желідегі ақпаратына сәйкес, той қонақтарының қатарында әлемдік футболдың бірнеше жұлдызы бар: мәселен Лионель Месси мен Неймар шақырту алған.
Бұған дейін салтанатты шараға UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмағомедовтің де шақырылғаны хабарланған еді. Ресейлік спортшы португалиялық шабуылшымен көп жылдан бері достық қарым-қатынаста екенін бірнеше рет айтқан.
Айта кетейік, Роналду мен Родригес шамамен он жылдай бірге. Осы уақыт ішінде олардың екі ортақ баласы дүниеге келді. Қазір жұп жалпы бес баланы тәрбиелеп отыр.