Месси ПСЖ сапындағы алғашқы матчте қақпаға соққы жасамады

©сурет: PSG

Екінші таймда алаңға шыққан Лионель Месси қақпаға бірде-бір соққы жасамады, деп жазады Vesti.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.

Алаңда өткізген 31 минутта аргентиналық шабуылшы әріптестеріне 20 пас берген. Оның 19-ы дәл пас болды. Бір рет допты қарсыласынан тартып алды.

Еске салайық, Франция чемпионатының төртінші турында ПСЖ қонақта "Реймсті" 0:2 есебімен ұтып, Килиан Мбаппе дуль авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: